2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда қайтыс болғандар саны 183,4 мың адамға жетті. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 12,8% көп. Ал 2016 жылғы, яғни бес жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда өлім-жітім бірден 38,5% өсті, деп хабарлады ranking.kz сайты.

2020 жылдың осы кезеңінде көз жұмғандар саны 162,6 мың адам болған еді, бір жылда көрсеткіш 21,8% өсті.

Өңірлер бойынша:

  • ШҚО-да – 18,8 мың адам көз жұмды, 13,1% көп;
  • Алматы облысы – 18,7 мың адам, 15,3% көп;
  • Алматы қаласы – 18,4 мың адам, 25,6% көп.

Ең аз өлім-жітім көрсеткіші Маңғыстау облысында тіркелді – 4,5 мың адам, алдындағы жылмен салыстырғанда 6,4% көп.


Оқи отырыңыз: Қазақстандағы халық саны мен ел демографиясы туралы қызықты деректер


Жоғары өсім Алматы мен Түркістан облысында байқалып отыр. Кейінгісінде бір жылда – 4,3%, 13,6 мың адамға дейін өскен. 17 өңір ішінде тек Қызылорда облысында өлім-жітім саны 4,2%, 5,8 мың адамға дейін қысқарды.

Әлемде коронавирустың бас проблемаға айналғанына қарамастан, Қазақстанда ресми дерек бойынша азаматтар қан айналымы жүйесі ауруларынан көз жұмған: 43,4 мың адам, алдыңғы жылмен салыстырғанда 18,6% көп.

Өлім-жітімге себепші болған екінші ауру – тыныс алу ағзаларымен байланысты: 20,8 мың адам, бір жылда 11,1% азайған. Бұдан кейінгі орында статистика бойынша неоплазма тұр, одан 14,5 мың адам көз жұмған.

Еске салсақ, Қаңтар оқиғасы кезінде жеті баланың оқ жарақатын алып, екеуінің көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.