Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2021 жылдан бері жекеменшік мектептерге берілетін мемлекеттік тапсырыс үлесі екі есеге жуық артқан. 

Атап айтқанда, 2021 жылы бар болғаны 222 жеке мектеп мемлекеттік тапсырыс алса, 2021 жылы – 332, 2022 жылы – 528, 2023 жылы – 598 жекеменшік мектеп мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейді.

Мемлекеттік тапсырыс қаражаты мемлекеттік стандарттар бойынша білім беру процесі мен білім беру ортасын ұйымдастыруға арналған. 

Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін жекеменшік мектептер санын арттыруды жоспарлап отыр. Мұндағы басты мақсаттардың бірі – үш ауысыммен жұмыс істейтін мектептер санын қысқарту. 


Оқи отырыңыз: 33 жекеменшік мектеп 2,5 мың оқушыны қағаз жүзінде ғана оқытқан