Елімізде тұтынушылық несие арзандауы мүмкін. Кепілсіз берілетін кредиттің пайызын 40 процентке түсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Негізі Қаржы нарығын реттеу агенттігі тұтынушылық несиенің шекті мөлшерлемесін жақында ғана 56 пайыздан 46-ға азайтқан еді. 

"Борыштық жүктеме коэффициенті шеңберінде қарыз алушылардың кірістерін тексеру тәсілдері қатаңдатылды. Бұл кіріс көзін қайталау, дебеттік карталар, депозиттер мен ағымдық шоттар бойынша жасанды айналымдар жасау арқылы табысты жасанды түрде арттыру жағдайларын болдырмау мақсатында жүзеге асырылды", – деді ҚР ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов.