Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнамаға әрбір төртінші (26,5%) респондент қана соңғы бір жылда ең азы бір кітап оқығанын айтып жауап берген. Қалғандары кітап оқымайды, кейбіріне (52%) оқуға уақыт жетіспесе, ал қалғандары (21,4%) тіпті де кітап оқығанды ұнатпайтынын айтқан. Бұл туралы SocioExpert Telegram арнасы хабарлады. 

Ал бірінші топқа жататын, яғни кітап оқуға құмар жандар соңғы бір жалда орта есеппен бес кітап оқыған. Олар негізінен Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының өкілдері болса, кітапты аз оқитын өңірлерге Шымкент қаласы, Ұлытау және Жетісу облыстарының жатқызылған.

SocioExpert Telegram арнасының жазуынша, кітапты негізінен 60 жастан асқан, ауылда тұратын адамдар оқиды. Сондай-ақ, ер адамдардан гөрі әйелдердің көбірек кітап оқитыны анықталған. Бірақ, айырмасы аса үлкен емес. 


Оқи отырыңыз: Ертегіден естелікке дейін: Министрлер мен депутаттар жазда қандай кітап оқыды?