Қазақстанда газбен жүретін автомобильдердің саны көбейген. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Биыл елімізде 4 668 мың автокөлік тіркелген. Оның ішінде 87,6 пайызы жеңіл автомобильдер, 10,3 пайызы жүк автомобильдері және 2,1 пайызы автобустар.

"Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 82,4 пайызы бензинмен жүреді. Аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,6 пайыз, дизель отынымен – 7,4 пайыз. Ал газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылмен салыстырғанда 1 642-ге көбейген", – делінген хабарламада.