Қазақстанда биыл есірткі өндірумен айналысқан 31 заңсыз зертхана анықталған. Онда 10 тоннадан астам синтетикалық есірткі тәркіленген, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мәжілісмендер қылмыстың бұл түрі жылдан жылға белең алып бара жатқанын айтады. Есірткі жасап шығаратындар мен тасымалдайтындарға қатысты жазаны күшейту маңызды.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері жаңа құжатта есірткі өндіру әрекеті есірткі қылмысының аса қауіпті түріне теңестірілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, депутаттар дәріханаларда күмәнді препараттар ашық сатылып жатқанын айтып, заң жобасы аясында синтетикалық есірткімен күрес әдісі де өзгеретінін жеткізді.


Оқи отырыңыз: "Үш айда 225 келі синтетика тәркіленді": ІІМ есірткі саудасымен қалай күресіп жатыр