Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы өсті. Сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 3,54 теңгеге қымбаттап, 517,66 теңге болды.

Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы — 513,55 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 517,84 теңгеден сатып алынып, 519,76 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 605,01–609,70 теңге, ал рубль 6,38–6,51 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал Астанадағы айырбастау орындарында:

  • доллар 514,63 теңгеден сатып алынып, 521,63 теңгеден сатылып жатыр;
  • еуро 600,72–610,73 теңге аралығында;
  • рубль 6,35–6,50 теңге шамасында айырбасталып жатыр.