24-26 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Чайковский атындағы Алматы музыкалық коллежінде дәстүрлі орындаушылардың V республикалық "Көшпенділер әуені" байқауы өтеді. Байқау 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келеді және шығармашылық мамандықтар бойынша оқитын жастар арасындағы басты жарыстардың біріне айналды.

Жобаның басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық аспаптық және вокалдық музыкалық мұрасын насихаттау, оның түпнегізін сақтау, қазақтың әртүрлі орындаушылық дәстүрлерін көрсететін жас дарынды халық музыканттарын анықтау және оларға қолдау көрсету.

Байқауға қатысуға еліміздің музыкалық колледждерінде оқитын студенттерден 70 өтініш түскен.

Олар байқауда үш аталым бойынша өнер көрсетеді:

  • "Құрманғазы – домбыра";
  • "Қорқыт – қобыз";
  • "Фатима Балғабаева – (прима) қобыз".

Номинациялар қазақ халқының аспапта орындаушылық өнерінің көрнекті өкілдерінің құрметіне аталды.

Байқау қорытындысында әр аталым бойынша лауреаттар мен дипломаттар анықталады. Олар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.