Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің Қазақстандағы қолданыстағы бірыңғай уақыт белдеуін қолдайтынын мәлімдеді. 

Үкімет отырысы барысында сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев елдің UTC+5 уақыт белдеуіне көшуінің артықшылықтары туралы айтты. Оның айтуынша, бұл оңтайлы шешім. 

"UTC+6 Қазақстанда 1930-1931 жылдары аумақтың көп бөлігі бесінші уақыт белдеуінде болғанына қарамастан, декреттік уақытты пайдалану арқылы енгізілді. Жалпы, кеңестік кезеңде Қазақстанда командалық-жоспарлы экономика мүддесі үшін табиғи уақыт белдеуі бұйрық тәртібімен сегіз рет өзгерді. Нәтижесінде Қазақстанда табиғи циклге сәйкес келмейтін уақыт белдеулерінде тұрдық. Осылайша, UTC+5 біздің еліміз үшін жаңа белдеу немесе эксперимент емес, шын мәнінде тарихи негізделген уақытқа оралу, – деді Арман Шакқалиев. 

Олжас Бектенов министр қолданыстағы уақыт белдеуінің пайдасына барлық жан-жақты дәлелдер келтіргенін атап өтті.

"Үкімет бұл шешімді қолдайды. Біз бір уақыт белдеуіне кездейсоқ ауысқан жоқпыз. Бесінші уақыт белдеуі географиялық тұрғыдан елдің көп бөлігін қамтиды. Сауда және ақпарат министрліктеріне неғұрлым түсінікті ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізуді тапсырамын", – деп түйіндеді Премьер-министр.