Қазақстанда бірыңғай QR-код арқылы төлем жасау жүйесіне қосылған банктердің саны көбейді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

Қазір бұл жүйе арқылы төлем жасау мүмкіндігі Банк ЦентрКредит, Freedom Bank, Halyk Bank, Altyn Bank, RBK Bank және Home Credit Bank клиенттеріне қолжетімді.

"Бірыңғай QR-код стандарты іске қосылды. Екінші деңгейлі банктерді осы жүйеге қосу жұмыстары жүргізілді. Бүгін сол келісімдердің ресми түрде бекітілуі өтті", – делінген Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар Kaspi Bank пен Halyk Bank жүйеге толық интеграциялануға дайындалып жатыр.