Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін жариялады.

Loading...

Тізіммен келесі ресурстардан танысуға болады: 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ресурстары:

Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшалары:


Оқи отырыңыз: 79 мың грант – 104 мың талапкер: Қазақстанда білім грантына өтініш қабылдау аяқталды


Биыл 104 мыңнан астам талапкер білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш берді. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 10 мыңға артық. 

Ең көп таңдалған қала – Алматы, 42 мың бала оңтүстік астанамызды студенттік шақ өткізу үшін таңдаған. Елорданың оқу орындарында оқу үшін 22 мың өтініш қабылданса, 6,5 мың адам Шымкент қаласының университеттерінде оқуға ниет білдірген. 

Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдады. Оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. 

Ал жоғары оқу орындарына қабылдау, әдеттегідей, 25 тамызда аяқталады.