ҚР оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментінің хабарлауынша, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін білім беру қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өсуде. 2023 жылы 1 қыркүйектіен бастап жалақы тағы 30% өседі.

"Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылатын педагогтердің жалақысын жыл сайын арттыру оң нәтиже береді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында оларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру жолымен министрлік жүйелі жұмыс жүргізуде. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Әдістемелік кабинеттер жанынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтарына әдістемелік көмек көрсету үшін мобильді топтар құрылды", – деді Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева.

"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты мен мамандығы бойынша кадрларды даярлау 39 жоғары оқу орны мен 119 колледжде жүргізіледі.


Оқи отырыңыз: Білім беру қызметкерлерінің еңбекақысы 27% өсті. Елорда ұстаздарының орташа жалақысы ең жоғары – 350,8 мың теңге.