Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлері енді тек цифрлық форматта бөлінеді
Үкімет жыл соңына дейін заңнамаға тиісті өзгерістер ұсынуы қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ауылшаруашылығы жерлерін бөлу тәсілін цифрландыруды тапсырды.
"Жер қатынастарына қатысты заңсыздық пен қағазбастылықты жою қажет. Сол үшін ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәсілдерін түбегейлі өзгерту керек. Осыған орай, жерді бөлуге қатысты шешімдер цифрлық форматта электронды конкурстар арқылы қабылдануға тиіс", – деді президент.
Үкімет жыл соңына дейін заңнамаға тиісті түзетулер ретінде ұсыну қажет.