Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында сөйледі. 

Президенттің айтуынша, ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімділігі маңызды. 

"Мен ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін жылына 8-10 пайызға дейін жеткізу жөнінде міндет қойдым. Бұл мақсатқа 120 миллиард теңге бөлініп, отандық ауыл шаруашылығы техникаларын жылына 5 пайызбен жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы басталды. Қазақстанда 8 ірі бірлескен кәсіпорын, соның ішінде "Клаас" неміс концерні мен ресейлік "Ростсельмаш" компаниясы табысты жұмыс жатыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған мәліметке сәйкес, биыл шамамен 160 миллиард теңгеге жуық қаржыға 4,5 мыңнан астам трактор мен астық жинайтын 815 комбайн (оның 107-сі "Клаас" компаниясына тиесілі) шығарылды. 

"Үкімет еңбек өнімділігін арттыруға, импортталатын қосалқы бөлшектерді локализациялап, ұсақ бөлшектерден құрастырылатын өндірісті қолдауға және тұрақты жұмыс орындарын ашуға баса мән беруі керек", – деді мемлекет басшысы.


Мемлекет басшысы форумда қозғаған өзге де мәселелер: