Қазақстанда ауыл оқушыларының робототехникаға деген қызығушыларын арттыру мақсатында  арналған "Мейкерспейс амбассадорлары 2025" жобасы қолға алынды. Оның аясында 18-25 жас аралығындағы педагогикалық университет студенттері ғылым, технология, инженерия, өнер және математика (STEAM) салаларында ауыл жастарына білім береді.

2024 жылы 7 амбассадор Қазақстан ауылдарындағы 150 оқушыға сабақ берсе, енді жоба кеңейіп, олардың саны артады. Биыл 7 қаладан келген 14 қатысушы дайындықтан өткен соң жазда өз туған елді мекеніне барып, 400-ден астам баланың ғылым, технология, инженерия, өнер және математикаға деген қызығушылығын оятады.

"Бұл біз үшін жай ғана бағдарлама емес, бұл – білім беру қозғалысы. Біз мұғалім тек сынып оқушыларын ғана емес, бүтін бір ауылды өзгерте алатынына сенетін жаңа буын педагогтарын тәрбиелеудеміз", – дейді жоба ұйымдастырушыларының бірі Әділет Болатхан.

Фото: Spirit of America үкіметтік емес ұйымы

Бағдарлама 4 айға есептелген және келесі кезеңдерді қамтиды: конкурс арқылы іріктеу; оқыту сессиясы және жазғы бағдарламаны жергілікті жерде іске асыру. 

Бағдарлама аясында 400-ден астам оқушы білім алу жобасына қатысады. 

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  • STEAM-пәндері мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру және көшбасшылық қабілеттерін дамыту;
  • ауыл мектептерінде заманауи білім беру тәжірибелерін енгізу;
  • оқушылардың азаматтық жауапкершілік сезімін күшейту. 

Бағдарлама АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының, "Шеврон" компаниясының және Spirit of America үкіметтік емес ұйымының қолдауымен жүзеге асырылады.