Қазақстанда ақылы жолдар тарифі өсуі мүмкін
Жүктеме ел арқылы өтетін транзиттік көліктерге бағытталады.Қазақстанда ақылы жолдар тарифі өсуі мүмкін. Бұл туралы үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
Министр Қазақстандағы ақылы автомобиль жолдарының тарифтері басқа елдермен (Ресей, Беларусь, Түркия, Қытай, Польша және т.б.) салыстырғанда айтарлықтай төмен екенін атап өтті.
"Осыған байланысты күтіп ұстау шығындарын толық өтеу үшін қолданыстағы тарифті 20 пайызға арттыру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл ретте жергілікті жүргізушілерге тиісті жеңілдіктер қарастырылады", – деді Марат Қарабаев.
Оның айтуынша, жүктеме ел арқылы өтетін транзиттік көліктерге бағытталады.