Қазақстанда алғаш рет көпкүндік бәйге марафоны өтеді
Марафон Нұр-Сұлтанда басталып, Қарағанды, Ұлытау облыстарында жалғасады.15-30 қыркүйек аралығында Қазақстанда көпкүндік бәйге марафоны өтеді, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бекболат Байжанов.
"15-30 қыркүйек аралығында көпкүндік бәйге марафонын өткізу жоспарда бар. Ол Нұр-Сұлтанда басталып, Қарағанды, Ұлытау облыстары арқылы өтеді. Бұл марафонның жалпы қашықтығы – 1 200 шақырым. Әр облыстан 20 команда қатысады", – деді Бекболат Байжанов.
Сонымен қатар қыркүйек айында Шымкентте нашар еститіндер арасында республикалық спартакиада өтеді. Ал 1 қыркүйек күні Түркістанда "Тұран барысын" өткізуді жоспарланған.
Комитет өкілінің айтуынша, бүгінде елімізде 6,5 млн адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл республика тұрғындарының жалпы санының 34,2 пайызын құрайды.
Оқи отырыңыз: "Балаларды атбегілікке баулимыз". Оралдық ұстаздар қалай ұлттық ат спортын дамытып отыр?