Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлер неге мұғалімдер секілді жазғы демалысқа шықпайды
Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин мәжіліс депутаттарының сұрағына орай, әлеуметтік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайына қатысты түсініктеме берді.
Депутаттар сала қызметкерлеріне қосымша демалыс беру мәселесін көтерген болатын. Дегенмен, Серік Жұманғариннің жауабында оларға мұғалімдердікіне ұқсас ұзақ мерзімді демалыс нормаларын толық көлемде қолдану тиімсіз екені айтылған.
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің ерекшелігі білім беру саласынан өзгеше екенін атап өту керек. Қызмет алушылардың оңалту процесі үздіксіз және мамандардың (әлеуметтік персонал) үнемі жұмыскерлер, кеңесшілер, дефектологтар, логопедтер, медициналық қатысуын талап етеді. Қызмет көрсетудің қысқа мерзімге де үзілуі көрсетілетін қызметті алушылардың денсаулық жағдайына және қалпына келтіру динамикасына теріс әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты білім беру мұғалімдеріне ұқсас ұзақ мерзімді демалыс нормаларын толық көлемде қолдану тиімсіз деп есептейміз", – деп түсіндірді Серік Жұманғарин.