Қазақстанда 5-9 мамырда пәтер сатып алу қызметі қолжетімді болмайды
Жылжымайтын мүлікке қатысы жоқ басқа қызметтер жұмыс істейді.Қазақстанда 5-9 мамырда жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер қолжетімді болмайды, деп хабарлады krisha.kz.
Атап айтқанда:
- нотариуста тұрғын үйді сату шартын жасау;
- мүлікке меншік құқығын тіркеу;
- ипотекаға пәтер сатып алу кезінде депозит беруге;
- пәтерге тіркелу және т.б.
Жылжымайтын мүлікке қатысы жоқ барлық қызмет түрлері жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз: Шымкентте жаңа ипотека: 10 пайыз бастапқы жарнамен 20 млн теңге несие беріледі
Мемлекеттік қызмет көрсету "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" жаңа ақпараттық жүйеге көшуіне байланысты тоқтатылып отыр. Оған жылжымайтын мүлік тізімі мен жер кадастры мәліметтері кіреді.
"Азаматтарға ыңғайлы болу үшін тек 5-9 мамырда қызмет алуға өтініш беру тоқтатылды. Тек бір жұмыс күні ғана қызметтер қолжетімсіз болады. Қалған күндері мереке күндеріне келіп тұр. Осылайша, "Жылжымайтын мүлік тізімі" деректер базасынан жаңа ақпараттық жүйеге көшу қиындық тудырмайды", – деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
Бұған дейін қызметтерді 26 сәуірден 9 мамырға дейін өшіру жоспарланған болатын.