Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарайтын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің мәліметінше, елімізде студенттерге арналған 380 жатақхана бар. Бұл туралы ranking.kz жазды.

Қыркүйек айының басындағы дерекке сәйкес, жоғары оқу орындарының студенттеріне орын тапшылығы – 23,7 мың.

ҚР Ұлттық статистика бюросы  ресми есептерінде тек 2022-2023 оқу жылындағы статистика бар. Онда жатақханада тұруы тиіс 118,1 мың студенттің 73,1 мыңы ғана жатақханадан орын алғаны көрсетілген. Студенттік жатақханаларда төсек-орынға үміткерлер саны 45 мыңға жуық.


Оқи отырыңыз: Жатақхана, оқу ғимараты, жер учаскелері. Депутат Алматыдағы аграрлық университеттің қолды болған мүлкін қайтаруды сұрады.


Тисті ведомство мен Ұлттық статистика бюросы ның деректеріндегі осындай үлкен айырмашылық кезекте тұрған студенттердің бір бөлігінің биыл жеке хостелдерге орналастырылуымен түсіндіріледі. Алматыда университеттер 59 шағын қонақ үйдің басшылығымен студенттерді орналастыру туралы келісім жасады. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан мәлімдеді.

Жатақханада тұруға ниет білдірген, бірақ әлі орын алмаған 45 мың студенттің 81,3 пайызы – жеке меншік ЖОО студенттері.

"Біз қазір демографиялық мәселені көріп отырмыз. Студенттердің саны есептелген инфрақұрылымнан көп болып кетті, сондықтан келесі жылы тағы бірнеше жатақхана ашсақ та – тапшылық болады", – деді Ғылым және жоғары білім министрінің жастар жөніндегі кеңесшісі, Жастар ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айсұлу Ерниязова.


Оқи отырыңыз: Алматылықтар Горький саябағына салынатын студенттер жатақханасына неге қарсы?