Қазақстанда 21, 22, 23 қыркүйекте ауа райы қандай болады
Елге суық антициклон жақындап келеді.Метеорологтар Қазақстанда 21, 22 және 23 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады. Олардың мәліметінше, алдағы демалыс күндері батыс пен оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
22 қыркүйектен бастап Скандинавия аймақтарынан антициклонның екпіні елдің батысына тарай бастайды, осының салдарынан жауын-шашын тоқтайды. Республика аумағында жел күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі. Ал батыс, солтүстік-батыс және елдің орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
"Ауаның температурасы күндіз республиканың батысында +20...+25-тен +15...+20, солтүстікте +17...+22-ден +8...+18 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі. Ал қалған аймақтарда күрт өзгерістер болжанып отырған жоқ", - делінген хабарламада.