Қазақстанда 2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып бекітілді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі хабарлады.

"Бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрған “Қазақ” газетінің алғашқы нөмірі осыдан 110 жыл бұрын, 2 ақпан күні жарық көргені белгілі. Алаш ардақтыларының қолтаңбасы қалған газет ұлттық ренессанстың қайнар көзіне айналып, халқымыздың ақыл-ойын, сана-сезімін бөлек арнаға бұрды", – деп жазды Дархан Қыдырәлі.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен еді.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда "Ұлттық басылым күнін" енгізу жоспарланып отыр