Түркістан облысында 15 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген екі шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, көрші елдің екі азаматы 2009 жылдан бері бірқатар ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған.

"Қазіргі уақытта іздеуде жүрген шетел азаматтары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық жағдай анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, екеуі де "Іздестіру" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Түркістан облысының аумағында ұсталды. Олар 15 жыл мемлекетаралық іздеуде жүрген.