Қазақстан жайын мен көксерке экспортына тағы да жарты жылға тыйым салады
Мұндай тыйым 2023 жылы енгізіліп, биыл бір мәрте ұзартылған болатын.Қазақстанда жайын мен көксеркенің экспортына тағы да 6 айға тыйым салынады. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің балық шаруашылығы комитеті тиісті бұйрықтың жобасын жариялады.
"Балық өңдеу кәсіпорындарының қызметін талдаудың нәтижесі шикізаттың жетіспеушілігін анықтады, ал экспорттың жартысынан көбі мұздатылған өңделмеген балықты құрайды. Мәселен, бүгінде бұл кәсіпорындардың жалпы қуаттылығы жылына 100 мың тоннадан асады, алайда олардың жүктемесі 40% ғана. Осыған байланысты, 2023 жылғы 15 сәуірден 15 қазанға дейін өңделмеген түрдегі қөксерке мен жайын балықтарының экспорты шектелді, ол тағы жарты жылға ұзартылды (2024 жылғы 5 ақпаннан 5 тамызға дейін). Тыйым салу аяқталғаннан кейін енгізілген шектеудің тиімділігіне талдау жүргізілді, талдау нәтижесі шектеуді ұзарту қажеттілігін көрсетті", – делінген құжаттың түсіндірме жазбасында.
Статистика деректері бойынша Қазақстанда өңделмеген балық экспортының барлық көлемінен үлесі 12,3 мың тоннаны құрайды. Өткен жылы жылына 142 мың тоннаға жуық балықтың 31,2 мың тоннасы қайта өңделген, яғни жүктеме 22 пайызды құрады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жайын мен көксерке экспортына 6 айға тыйым салынбақ