Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 24-25 сәуірде өтеді
Ассамблеяның күн тәртібі – "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу".Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясын шақыру жөнінде өкімге қол қойды.
Ассамблеяның күн тәртібі – "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу".
"Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясы 2024 жылғы 24 – 25 сәуірде Астана қаласындағы Президенттік орталықта "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" күн тәртібімен шақырылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын", – делінген өкімде.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Құрылтай – той тойлап, әңгіме-дүкен құратын жиын емес, келешекте де ондай болмайды