"Қазақстан" теларадиокорпорациясының басқарма төрайымы Ләззат Танысбай мен ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Келісім негізінде "Balapan" арнасында бұған дейін көрсетілген "Жас ғалым" жобасын жаңаша бағытта жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, күнделікті жүргізілетін "Таңшолпан" бағдарламасында ғылыми жаңалықтар айдары ашылады" – делінген хабарламада

Өткен аптадан бастап корпорация арналарында жастарды ғылымға ынталандыру мақсатында жарық көрген жобалар көрерменге ұсынылған.

"Qazaqstan" телеарнасында жастарды ғылымға ынталандыру мақсатындағы "Дара" интеллектуалдық жобасы эфирге шықты. Abai tv" арнасында отандық тарихшылар мен археолог ғалымдардың ғылыми зерттеулері жайындағы "В поисках истины", "Қазба қазыналары", этнографиялық зерттеулер нәтижесіне құрылған "Ұмай" жобалары бар" – делінген ақпаратта.