Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олар: 

Отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін:

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы, Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені:

  • Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы – "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" КеАҚ вице-президенті.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы, Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені:

  • Нұрпейісова Гүлжанар Молдакерімқызы – "№ 4 арнайы мектеп-интернат" КММ мұғалімі, Алматы қаласы;
  • Траисова Эльмара Асқарқызы – "Асан Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназия" КММ мұғалімі, Орал қаласы.

Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін:

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы, Алтын жұлдыз:

  • Прокоп Георгий Георгиевич – "Шахтерское" ЖШС директоры, Қарағанды облысы.

Оқи отырыңыз: Республика күні қарсаңында ғалымдар, мұғалімдер, құтқарушылар мен өндіріс үздіктері марапатталды