Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық деректер орталығы.

Орталықтың жедел ақпараты бойынша, 21 маусымда Астана уақытымен сағат 07.13-те Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аймағында жер сілкінісі болды.

"Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік 42.48 градус, шығыс бойлық 79.71 градус. MPV магнитудасы - 4", – делінген хабарламада.

Қырғызстандық БАҚ мәліметінше, магнитудасы 3,5 жер сілкінісі ошағы Ақ-Суй ауданы Эчкили-Таш ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 шақырым, Тюп ауданы Кен-Суу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 шақырым, Қаракөлден оңтүстік-батысқа қарай 103 шақырым жерде орналасқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, құрбандар мен қирау болған жоқ.