Қазақстан мектептерінің штатына тіс дәрігерін қайта енгізу ұсынылды
Мектеп оқушыларының сабаққа келмеу себептері арасында тіс ауруы алдыңғы қатарға шыққан.Білім және ғылым министрілігінің аппарат жиналысында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева қауіпсіз мектеп автоматты басқару жүйесінің жұмысын таныстырды. Жүйе Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты білім, денсаулық сақтау басқармалары, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және полиция департаментін біріктіреді. Ол қаланың Еңбекші ауданында 51 мыңнан астам оқушы арасында сынақтан өткізілген.
"Еңбекші ауданында 51 мыңнан астам баланың ішінде 8 560-ы денсаулығына байланысты зерделеуге түсті. Нәтижесінде, дәрігерлер 71,4 пайызында денсаулығында асқынулар болғанын, 28,6 пайызы тұмауратып, жазылып кеткенін анықтады. Балардың көбі тіс ауруымен ауырады екен. Осыған байланысты дәрігерлер мектепке стоматолог мамандарды қайтарсақ деген мәселені көтеріп отыр", – деді Жанат Тажиева.
Сонымен қатар басқарма басшысының айтуынша, 1-4 сынып оқушыларының 10 пайызы, 5-8 сынып оқушыларының 25 пайызы, 9-11 сыныптарда 41 пайызы денсаулығына байланысты сылтаумен немесе себеппен сабаққа келмейтіні анықталған.
Оқи отырыңыз:
- Аймағамбетов: 1200 оқушыға арнап салынған мектепте 5 мың бала оқиды
- Аймағамбетов: Мектеп салуда емес, салынатын мың мектепке 150 мың педагог дайындауда мәселе бар
- Аймағамбетов: Директордың бір мектепте 15 жыл басшылық етуі оқыту тиімділігіне әсер етпей қоймайды