Қазақстан азаматтығын алу үшін тестілеуге өтініштер 17 сәуірден бастап қабылданады
Тестілеу 30 сәуірде өтеді.
Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштер 17-29 сәуір аралығында қабылданатынын хабарлады. Тестілеуді өзі 30 сәуірге жоспарланған.
Орталықтың мәліметінше, тестілеу 3 бөлімнен тұрады:
- тілдік білімді бағалау жүйесінің қарапайым деңгейі бойынша қазақ тілін білуін анықтауға арналған тест (қазақ тілінде) – 60 тапсырма, шекті балл – 36;
- ҚР Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 15 тапсырма, шекті балл – 9;
- Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 25 тапсырма, шекті балл – 15.
Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 60.
Тестілеу 2 сағат 10 минутқа созылады. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі.
Үміткерлер ҰТО сайтында дайындалып, дәл осы сайтта байқау сынағын тапсырып көре алады. айта кетейік, мұндай сынақ түрі ақылы, оның құны – 3355 теңге.
Оқи отырыңыз: Қазақстан азаматтығын алу үшін қазақ тілі мен тарихын білу: Тест әзірлеуге қанша қаржы жұмсалады