Қазақстан азаматтары құрбан айтта үш күн қатарынан демалатын болды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы

Мұсылман қауымы асыға күтетін мереке биыл 6 маусым, яғни жұмаға сәйкес келіп тұр. Ал аптасына алты күн еңбек ететіндер сенбі күні жұмысқа шығады. Олар тек екі күн демалады. 

Айта кетейік, Ораза аяқталған соң 70 күннен кейін келетін Құрбан айт Ислам дініндегі айтулы мерекелердің бірі. Бұл мейрамда мұсылмандар құрбандық шалып, мұқтаждарға көмектеседі. 

Мешіттерде құлшылық амалдарын жасайды.