Қазақстанда 25 қазанда Республика күні аталып өтеді. Бұл мереке 2025 жылы сенбі күніне сәйкес келеді. Сондықтан ол күннің демалысы 27 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.

Осыған байланысты бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін Қазақстан азаматтары қатарынан үш күн – 25, 26 және 27 қазан күндері демалады.

Айта кетейік, қазан айында демалыс күндері мынадай болады:

  • 4, 5 қазан (сенбі, жексенбі);
  • 11, 12 қазан (сенбі, жексенбі);
  • 18, 19 қазан (сенбі, жексенбі);
  • 25, 26, 27 қазан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі).