2025 жылы Бішкек – Мәскеу бағытындағы жолаушылар пойызы қайта іске қосылады. Бұл туралы Қырғызстанның Транспорт және коммуникация министрлігі хабарлады

Министрліктің мәліметінше, Covid-19 коронавирусына қатысты шектеулерге байланысты бұл бағытта пойыз қатынауын тоқтатқан болатын. Ал пандемиядан кейін пойыз Ресейдің Самара қаласындағы станциясына дейін қатынады. 

"Пандемия аяқталған соң Мәскеу теміржол түйінінде ауқымды қайта құру жұмыстары басталып, тек Қырғыз Республикасында емес, ТМД бірқатар елінде жолаушылар пойызының қатынас уақытша тоқтатылды. 2025 жылғы пойыз қозғалысының жаңа кестесінде Бішкек – Мәскеу халықаралық жолаушылар байланысы бар", – делінген Қырғызстанның Транспорт және коммуникация министрлігі хабарламасында. 

Еске салайық, Бішкек – Мәскеу пойызы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. 


Оқи отырыңыз: Қазақстандағы жолаушы вагондарының қаншасы тозған