Қазақ жазушы Моңғолияның мемлекеттік жоғары атағына ие болды
Зарқұм Баймергенұлына марапатты ел президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх табыстаған.Моңғолияның мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі қаламгер Зарқұм Баймергенұлы Моңғолияның мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер атағына ие болды, деп хабарлады "Отандастар" қорының баспасөз қызметі.
Зарқұм Баймергенұлына сыйлықты Моңғолия басшысы Ухнаагийн Хүрэлсүх Ұланбатыр қаласында табыстаған.
Зарқұм Баймергенұлының тоқсаныншы жылдардан қазірге дейін "Арғымақ", "Рауан таңдар", "Өмірдегі өзгеше өрімдер", "Көкжиек", "Құнарлы өлке, Құт мекен" "Үүлс болж нүүнэ", "Түүхэн он цагийн хэлхээ" қатарлы жыр жинақтары мен публицистикалық ондаған кітаптары қазақ, моңғол тілдерінде жарық көрген. Және жекелеген шығармалары түрік, алтай, орыс тілдерінде жарияланған.
"Бұл біздің қазақ азаматтарының мәртебесін көтереді және Моңғолиядағы қандастармыздың өз ұлттық ділін сақтау жолындағы күрескерлігін танытады" делінген қордың хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
- Қазақ қаламгері Моңғолияның халық жазушысы атағына ие болды
- Қуырдақ, сірне, қымыз. Моңғолия қазақтарының ұлттық 10 тағамы