Биылдан бастап докторантураға түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.

Докторантураға түсу емтиханын тапсырсуға өтініш беру 1 қарашада басталған еді. Тіркелу 18 қарашаға дейін жүргізіледі. Емтиханға тапсыру құны – 15 804 теңге. Ол 5-11 желтоқсан аралығында өтеді.  


Оқи отырыңыз: Магистратураға кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды


Тіркелу барысында талапкер тестілеудің орнын өзі таңдайды. 29 қарашада жеке кабинетіне тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат келеді. Емтихан тапсыру қаласына немесе тіліне, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тобына қатысты мәліметтерді тек 18 қарашаға дейін өзгертуге болады.  

Айта кетейік, 2022 жылы ережелерді бұзғаны үшін емтиханға жіберілмеген, сондай-ақ нәтижелері жойылған талапкерлер қайта докторантураға түсу емтиханына қатыса алмайды. Ал 4-20 тамыз аралығында тапсырылған емтихан сертификаты 1 желтоқсанға дейін жарамды.  

Докторантураға арналған білім беру гранттарының тізімін осы жерден жүктеп алуға болады.