Qazaq Air Қазақстанда ішкі рейстерінің көбейгенін хабарлады. 21 шілдеден бастап Алматы – Семей әуе қатынасы ашылады. 

Жаңа әуе бағыты бойынша аптасына 4 рет (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және жексенбі) екі қала арасында ұшақ қатынайды. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік бар. Билеттер қазір сатылымда.

Ұшу кестесі (Астана уақытымен):

  • Алматы (08:40) – Семей (10:30)
  • Семей (11:10) – Алматы (13:05)

Билеттерді Flyqazaq.com сайтында сатып алуға болады:

  • жолаушылар әуе кемесіне отыратын орынға алдын ала тапсырыс береді;
  • жүк немесе қол жүгi көлемін көбейте алады;
  • рейстегі тамақтануға тапсырыс береді;
  • үй жануарлары мен спорт жабдықтарын тасымалдауға рұқсат алады.