Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Ершат Ағыбайұлының  айтуынша, QazVac вакцинасы қазіргі таңда QMDB Halal стандарты бойынша сертификаттаудан өтіп жатыр. Ол, сондай-ақ, отандық вакцинаға Индонезия, Иран, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан секілді шетелдік мұсылман елдері де қызығушылық танытып отырғанын айтты.

"QazVac – Covid-19-ға қарсы белсенділігі жойылған вирустан дайындалған, тазартылған, адъювант – алюминий гидрототығы қосылған, концентрацияланған вакцина. Ғалымдар жүргізген клиникалық сынақтың ІІІ кезеңінің нәтижесі бойынша вакцинаның тиімділігі 90%-дан жоғары. Бұл ретте, вакцинаның шариғатқа сай дайындалуын қадағалау мақсатында аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарымен жұмыс жасауға бағытталған институт зертханасымен таныстық. Бұған дейін QazVac вакцинасын құраушы негізгі компоненттерді жеке-жеке қарастырып, шариғат және пәтуа мамандарының назарына ұсынған болатынбыз. Алматыда басталған ғұламалар кеңесінде осы мәселе бойынша діни сарапшылардың пікірі назарға алынады", – деді Ершат Ағыбайұлы.

ҚМДБ сертификаттау процесі аяқталған соң оның қорытындысын хабарлайды.


Оқи отырыңыз: Қандай екпе аласыз? Коронавирусқа қарсы вакцинаны таңдауға қажет мәліметтер