Қазақстан мен Тәжікстан президенттері ауыл шаруашылығы өнімдері мен ұлттық тағамдар көрмесін аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Екі ел президентіне көрмеде көкөністер мен жемістер таныстырылды.

Бұдан бөлек, мемлекеттер басшыларына ұлттық тағамдар, соның ішінде аспаздар ерекше талғаммен әзірлеген палау түрлері, таба нандар мен күлшелер көрсетілді.