Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Барселона қаласында өткен халықаралық STEM олимпиадасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен қазақстандық оқушыларға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұны еліміздің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалады.

"Бұл – Қазақстанда білім беру саласы қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі. Мемлекет жастардың сапалы білім, тағылымды тәрбие алуына әрдайым баса мән береді. Еліміз сіздерді мақтан тұтады. Жарқын жеңістеріңіз көп болсын!", – деп жазды президент.