Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық SANA Sport орталығына барды
Мемлекет басшысы SANA Sport кешені аумағындағы саябақты қайта жаңғырту жоспарымен танысты.Президент елордадағы әлеуметтік нысандарды аралап көру барысында отбасылық SANA Sport орталығында болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мұнда спорт, шығармашылық, білім бағыттары бойынша 29 үйірме жұмыс істейді. Сонымен қатар 29 жаттықтырушы және 25 жоғары білікті педагог еңбек етеді.
“Мемлекет басшысына «Damu Development Group» консорциумы жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалар жөнінде мәлімет беріліп, SANA Sport кешені аумағындағы саябақты қайта жаңғырту жоспары таныстырылды”, – делінген хабарламада.