Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сонымен қатар бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

Мемлекет басшысы президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Сонымен қатар Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі. Мыңдаған жылдарға созылған тарихи байланысы бар екі халықтың қазір түрлі саладағы қарым-қатынасы жақсы деңгейде. Екі ел басшысының кезекті кездесуінде саяси және экономикалық байланыстарды нығайту жайы талқыланып, бірқатар келіссөз өтуі мүмкін екені хабарланды.