24 қыркүйекте мемлекет басшысы Нұртас Қабақовты қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының өкімімен Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Басқа бұйрықпен бұл қызметке Қайрат Дәуітов тағайындалды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.