Мемлекет басшысының есімі қойылған сәбилерді 36 жастағы келіншек экстракорпоралды ұрықтандыру көмегімен өмірге әкелді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл – Ақтөбеде соңғы екі жылда дүниеге келген алғашқы үшем. Балалар анасымен бірге әзірге перинаталдық орталықта дәрігерлердің бақылауында болады.

Үш баланың туғандағы салмағы – 2600, 2100 және 1090 грамм. Дәрігерлер 36 жастағы әйелге "Аңсаған сәби" бағдарламасымен экстракорпоральды ұрықтандыру жасалғанын және келіншекті жоспар бойынша кесарь тілігі арқылы босандырып алғандарын айтып отыр.

Фото: Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының Instagram парақшасы

"УЗИ-ден үшем деп айтқанда үлкенін Кемел атаймыз деп шештік. Сосын егіздер ер бала деген соң Қасым, Жомарт деп президенттің атын қойдық. "Болашағы жарқын болсын, біздің президент сияқты сауатты болсын" дедік", – деді үшемнің анасы Қарлығаш Жармағамбетова.


Оқи отырыңыз: Қызылордалық отбасында егізден кейін үшем дүниеге келді