1 мамырдан бастап Қарағандыда  18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлады қала әкімі Мейрам Қожықов.

"Барлық дайындық жұмыстары аяқталып, заң жағынан қол қойылды және келісілді, автопарктерге тиісті нұсқама жүргізілді", – деп жазды ол.


Оқи отырыңыз: Билеті жоқ балаларды қоғамдық көліктен түсіріп тастауға заңмен тыйым салынбақ


Десе де, балалар көлік картасын міндетті түрде автобус валидаторына басуы керек. Қала әкімінің айтуынша, бұл жолаушылар ағынын бақылау үшін қажет.