Қарағанды облысында екі қабатты ғимаратта жарылыс болды: екі адам қаза тапты
Бес адам, оның ішінде үш бала зардап шекті. Олар ауруханаға жатқызылды.Қарағанды облысында екі қабатты ғимаратта газ жарылып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
30 қаңтарда сағат 00:07-де Бұқар жырау ауданы, Ботақара ауылында, Әуезова, 8а, 2 қабатты, екі кіреберіс, 12 пәтерлі тұрғын үйде №10 пәтерде жарылыс болды. 2-қабатта орналасқан, одан кейін пәтердің, қабырғалары мен төбелерінің, оның ішінде бірінші қабатта орналасқан № 7 пәтердің, жалпы алаңы 300 шаршы метр,, жанусыз шатырдың толық құлауы орын алды. Бірінші қабаттағы № 5, 6, 8 және екінші қабаттағы 11, 12 пәтерлер де жартылай зақымданған.
"Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған. Сағат 00-11 ден бастап 03-37-ге дейін құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 адамның мәйіті және 5 жараланған адам табылды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қостанайда жарылыс салдарынан жеті адам үйінді астында қалды
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жұмысқа 139 адам мен 32 техника жұмылдырылды.
Құтқару жұмыстары аяқталды.