Қар, бұрқасын және көктайғақ: 20 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады
Алдағы үш тәулік ішінде атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Синоптиктердің мәліметінше, елдің оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. 22 қаңтарда таулы аймақтарда қалың қар жауады. Республика бойынша тұман, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ күтіледі.
22 қаңтарда суық антициклон республиканың солтүстік жартысына әсер етеді. Соның салдарынан солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 25–38 градус аязға дейін, ал күндіз 20–30 градус аязға дейін төмендейді.
Ал Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Күндіз оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 5 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, таулы аудандарда 8–13 градус аяз, ал батыс өңірлерде 5–13 градус аяз болады деп күтіледі.