Қар аралас жаңбыр, бұршақ: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус аяз күтіледі."Қазгидромет" РМК синоптиктері 26 қыркүйек, бейсінбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Солтүстік-батыс антициклон жырасы ҚР көп бөлігіне көбінесе жауын-шашынсыз, салқын ауа-райын әкеледі. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөлімдердің әсерінен найзағаймен жаңбыр, жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын–шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус аяз күтіледі.
Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау, Жетісу облыстарының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, Маңғыстау облысының шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.