Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды ұрып-соққан полицейге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.

Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында полиция қызметкерінің ұсталған азаматтарды азаптағанын дәлелдеді.

"Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды", – делінген сот шешімінде.