Қазақстандық боксшы Қанат Ислам WBO Global чемпиондық белбеуін үшін британдық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) жұдырықтасып, кәсіпқой бокста тұңғыш рет жеңіліс тапты.

Төрешілер 10 раундқа созылған жек-жек қорытындысында Джимми Келлиді жеңімпаз деп таныды. Жекпе-жек АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Ситиде өтті.

Қанат Ислам алғашқы жоспар бойынша 2022 жылдың 21 қаңтарында жұдырықтасуы керек болатын. Алайда, коронавирус шектеулеріне байланысты жарыс кейінге шегерілді. Джимми Келли соңғы кездесуін өткен жылдың 12 желтоқсанында өзнің отандасы Гарри Мэттьюспен (16-50-3, 2 КО) өткізіп, қарсыласын нокаутқа жіберген. Ал Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін өткен жылы 20 ақпан күні Майамиде өткізді.


Оқи отырыңыз: Данияр Елеусінов пен Қанат Ислам IBF рейтингінен шығып қалды


Ал эквадорлық боксшы Джейсон Миндумен (14-5-1, 8 КО) болған жекпе-жектің жетінші раундында қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген.