Қайрат Сатыбалды ісі: 14 миллион АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды
Бұл қаражат әлеуметтік мақсаттарда пайдаланылатын болады.Қайрат Сатыбалдының шетелге заңсыз алып кеткен 14 миллион АҚШ доллары Қазақстанға қайтарылды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттік шет мемлекеттердің құқық қорғау органдары халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін бас прокуратурамен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ақшаларды мемлекетке қайтарды.
"Қылмыстық қудалау басталғаннан бері мемлекетке заңсыз сатып алынған Қайрат Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардың 464 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтері мен ақшалай қаражаттары қайтарылды. Оларға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, қолма-қол ақша, акциялар мен компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді" – делінген хабарламада.
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.